КОМАНДА ТАРИХЫ

Елімізде миллиондағандардың жүрегіне жол тартқан спорт түрі – футболды дамытуда Қазақстан футбол федерациясы бірқатар реформаларды жүзеге асыруда. Бұл ретте, Оңтүстік Қазақстан облысында отандық футбол шаруашылығын жастар арасында кеңінен насихаттауда соңғы кездері халықаралық талаптарға сай стадиондар мен футбол алаңшалары көптеп салынуда. Бұл игілікті істер — қазақстандықтардың спортқа деген қолжетімді болуларын қамтамасыз етуде.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған әкім Асқар Исабекұлы Мырзахметовтің бастамасымен отандық футбол шаруашылығын дамыту мақсатында 2011 жылы «Тарлан» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды. 2011 жылғы 3 мамырдағы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен «Тарлан» футбол клубы «Қыран» футбол клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облысымызда отандық футболдың дамуына жаңаша леп беріп, өңіріміздегі стадиондардың инфрақұрылымдарын, балалар футболын дамытуға ерекше назар аударуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев «Қыран» футбол командасына әрдайым қолдау көрсетіп, жанкүйерлердің ыстық ықыластарына бөленіп келе жатқан кәсіби ойыншылардың бағындырар белестері биік болатындықтарына сенімді. Сонымен қатар, клубтың спорт жөніндегі директоры Евгений Шкарин ең тәжірибелі футбол мамандарының бірегейі.

Шымкенттік «Қыран» командасын бас бапкер Бақыт Кушенов баптаса, жасөспірімдер құрамасын «Оле-Бразилле» футбол академиясында тәжірибесін арттырып келген бапкер Әуелбек Дербісбаев жаттықтырады.

Бүгінде клуб директоры болып білікті басшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Талғат Батырханұлы Пошимов абыроймен қызмет атқарып келеді.

«ҚЫРАН» 2014 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІЛІКТІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

2014 жылы футболдан Қазақстан біріншілігінің бірінші лига командалары арасында Шымкенттің намысын қорғайтын «Қыран» футбол командасы ІІ орынды жеңіп алды. Қоржындарында 60 ұпаймен футбол маусымын аяқтаған шымкенттік футболшылар алғаш рет күміс жүлдегер атанды.

2014 жылы Елордадағы «Астана-арена» стадионында еліміздің премьер лига командаларына берілетін жолдама үшін өткен матчта шымкенттік команда Тараздың «Тараз» футболшыларынан бір ғана доп айырмасымен (пенальти) жеңілді.

Бұл жылы Нидерландиядан келген қандасымыз, шабуылшы Мұрат Онал құрама сапында тамаша өнер көрсетті.

Осы жетістікке орай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған

Сәкен Қаныбеков 2014 жылы Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Шымкенттің «Қыран» футбол командасын қабылдап, құрмет көрсетті. Футболшылар мен бапкерлер Қазақстан кәсіби футбол лигасының төрағасы Олжас Абраев қол қойған дипломдар мен күміс жүлдемен марапатталды. Басқосуға «Қыран» командасының директоры Талғат Пошимов пен сала мамандары қатысты. Ал, облыс спорты басшысы Әлібек Нұртаев білікті бапкерлер Амерби Динаев пен Әуелбек Дербісбаевті, сонымен қатар,биылғы Қазақстанның футбол чемпионатында «Ең үздік футболшы» атанған Санат Жұмаханов, команда капитаны Жандос Әметовті, талантты ойыншылар Бекзат Жақсыбайұлы мен Қайсар Аймұрзаевты Алғыс хатпен марапаттады.

“Қыран” футбол командасының негізгі мақсаты — құрама сапына жергілікті футболшыларды көптеп тартып, еліміздің премьер лига командаларына талантты ойыншыларды тәрбиелеп, шығару.

ӘР ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

2011 жылы Шымкенттің намысын бірінші лигада қорғайтын «Қыран» командасы 11 орынды иеленді. Команданы бұл жылы футбол саласының білікті маманы, бас бапкер Қанатбек Мұсатаев баптады. Ал, 2012 жылы шымкенттік футболшылар 7-ші орынмен біріншілікті аяқтады. Бас бапкер қызметін Файзулла Урдабаев атқарды. 2013 жылы бас бапкер Амерби Динаевтің шәкірттері 5-ші орынға тұрақтаса, 2014 жылы «Қыран» командасы футболдан Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІ орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды.

Кезінде «Қыран» командасының құрамында тәжірибиесін арттырған талантты ойыншы Еркебұлан Тұңғышбаев Оңтүстік Қазақстан облысының намысын премьер лига командалары арасында қорғайтын «Ордабасы» футбол командасының негізгі құрамасына алынды. Әр жылдары «Ордабасы» командасының оқу-жаттығу жиынынан Талғат Каленов, Бекзат Жақсыбайұлы, Ғалымжан Ермұрзаев сынақтан өтті.

2015 жылы өткен Қазақстан біріншілігінде “Қыран” командасы 7-ші орын, ал,2016 жылғы футболдан аяқталған біріншілікте шымкенттіктер 7-ші орынға тұрақтады. Бұл жылдары команданы бас бапкер Амерби Динаев баптады.

Құрама сапында дарынды футболшылар Шәмші Самат, Талғат Каленов, Нұрсайын Жолдасов, Бағлан Бөрібай, Аян Қарабалаев, Ақжол Сүлейменов, Ерлан Құрманбек, Мырза Қуат, Ельмар мен Ельгар Набиевтер, Асхат Балтабеков сынды дарынды футболшылар өнер көрсетті.

ЮЖНО — КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ — ВЕРШИНА ФУТБОЛЬНЫЙ ПИРАМИДЫ

Сердца миллионов казахстанцев навсегда отданы любимому виду спорта – футболу, который не всё болельщики могут играть6 но о которым знают все и особенно о том6 как нужна играть в футбол. Но они доверяют Федераций футбола Казахстана, которая отвечает за его развитие и своей главной задачей на ближайшее времья опредилило всестороннюю помощь детско-юношескому футболу и созданию инфраструктуры, для шаговой доступности футбольных полей, при желании заняться футболом всем жителям Казахстана.

Свою лепту в решении этого вопроса вносит Южно-Казахстанская область, в лице акима Атамкулова Б.Б. Сейчас нашу область называет « Меккой» казахстанского футбола. Несмотря на сложные экономические условия в области при поддержке Акима выстроена футбольная пирамида : клуб- премьер лиги «Ордабасы», клуб 1 лиги «Қыран», футбольный центр «Ордабасы», 2 специализированные футбольные школы, школа интернат. Около двух тысяч детей имеют возможность заниматься на стадионах «Локомотив», «Металлург», «Улан» в Сайрамском районе, учебно-тренировочном комплексе «Биік» с 8 естественными и 1 искусственным полями. Все больше казахстанских команд подготовку к сезону проводят в Южно-Казахстанской области и предпочитают здесь же участвовать в многочисленних соревнованиях.

Все это делается для поддержания имиджа области, как одной из найболее развитых в республике, имеющих достижения во всех сферах жизнедеятельности, и особенно в физической культуре и спорте .

Надежда южно-казахстанских болельщиков — это футбольный клуб «Ордабасы», вершина футбольной пирамиды.Последние выступления клуба в европейских турнирах, пробуждает в сердцах болельщиков веру, что не за горами борьба за чемпионское звание Казахстане с участием «Ордабасы».

Для создания благоприятних условий клубов в достижении этой цели и подготовки ближайшего резерва для него , из числа местных, молодых футболистов, создана команда «Қыран», выступающая в первенстве Казахстана с 2011 года, вначале под названием «Тарлан», а затем под своим нынешним названием «Қыран».

В 2014 году команда завоевала серебряные медали и рекомендовала в «Ордабасы» группу молодых футболистов, в дополнение к ранее переданному Тунгышбаеву Е.Среди них, вошедшие в символическую сборную Казахстана, среди команд 1 лиги Каленов Т., Ермурзаев Г., Жаксыбайулы Б. Онал М.

К сожелению, меняющиеся в «Ордабасы» тренеры предпочли иностранных футболистов.Но футболисты Қырана были замечены местными любителями футбола, обрели своих поклонников и к тому же, на торжественном приеме были награждены от имены Акима благодарственными письмами за достигнутые успехи и вклад в развитие футбола в области.

ФУТБОЛЬНЫЙ КОМАНДА «ҚЫРАН» ГОТОВ В ПЕРВЕНСТВЕ

В новом 2016 году перед командой ставится задача повторить этот успех. Для этого, при поддержке начальника управления физической культуры и спорта Южно-Казахстанской области Нуртаева А.Н., созданы самые благоприятные условия.

Команда провела подготовительные сборы в условиях среднегорья в п. Бургулюк, а затем совершенствовала свое мастертво, с командами премьер — лиги, В турции , где они провели контрольные матчи с зарубежными соперниками из Швеци, Дании, Норвегии, Украины и Турции.

Команда попонилась молодыми футболистами из футбольных школ области (Дарменов Е.) и города Шымкента (Орынбаев Н.А.). Среди них Токтарбай Б, Жаксыбек А., Сулейменов А., Шамши С., Мырза К., Мухтар Д.

Закончили выступления за клуб Козюлин С., прешедший на тренерскую работу и Миминов М. Уехал для выступления за голландской клуб в Европу М.Онал. Для сохранения возрастного баланса в команду зачислены опытные игроки Нохрин Е., Задорожный Е., Балтабеков А.

Футболный клуб «Қыран» возглавляют известные в спортивных кругах Казахстана, директор клуба Пошимов Т.Б, спортивный директор Шкарин Е.И, главнй тренер Динаев А.С., его помощники , тренеры высокой квалификации Дербисбаев А, Доронин С., Кушенов Б, Козюлин С.

Футболный клуб «Қыран» должен выполнить поставленную пред ним задачу и оправдать надежды болельщиков — занять высокое место в первенстве Казахстана и подготовить достойних для предачи в команду «Ордабасы» футболистов.

Пожелаем команде «Қыран» успехов в новом сезоне!

КОНТАКТНАЯ ИНФОРМАЦИЯ

Адрес : ЮКО, 160000 г. Шымкент
улица Казиева «4» а , 3 этаж.

 8 (7252) 36-35-69

 fktarlan2011@mail.ru

 Каждый день 9:00-17:00

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ