«ҚЫРАН» ЖАСӨСПІРІМДЕР КОМАНДАСЫ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ.

«ҚЫРАН» ЖАСӨСПІРІМДЕР КОМАНДАСЫ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ.

Жыл сайын Қазақстан кәсіби футбол лигасының ұйымдастыруымен еліміздегі бірінші лига клубтарының жасөспірімдер командалары арасында Біріншілік өтеді. Жағымды жаңалық, жақында «Қыран» командасының ізбасарлары биылғы футболдан Ел Біріншілігінің жеңімпаздары атанып, көпшілікті қуантты.

Білікті бапкерлер Марат Тәжібаев, Юрий Савин, Александр Юртаев жаттықтыратын Шымкенттің «Қыран» командасының 2001, 2002,  2003 жылғы туылған жасөспірімдер құрамасы ақтық финалда қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, алтын медалге ие болды.   IMG_5031 Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  жастар  футболының  дамуына  өзіндік  үлесін  қосып  келе  жатқан тәжірибелі  жаттықтырушы Марат  Тәжібаевтің  айтуынша, 2003  жылғы туылған шәкірттері   ақтық  сында «Мақтаарал»  командасының  жас  ойыншыларымен матч  өткізіп,  3:1  есебімен  қарсыластарын  қапы  қалдырды. Жеңіске  деген  құлшыныстары  басым   шымкенттік  жастар  осымен  бірнеше   дүркін футболдан  Қазақстан  Біріншілігінің  жеңімпазы  атанып  отыр.   IMG_5037 Жасыл  алаңда өзге  клубтардың  жасөспірімдер  командалары  да   шеберліктерін  көрсетті. Қазақстан футболының   кемелді  келешектері  осылайша жарқын  жетістіктерімен  еліміздің  отандық   футбол  шаруашылығының  дамуына  үлестерін  қосуды  көздейді. Жас  талантты  футболшыларымыздың  арасында футболдың  серкелері Самат  Смақов, Бауыржан  Исламхан, Таңат  Нөсербаев, Исламбек Қуат, Еркебұлан  Тұңғышбаевтай  дарынды  жастар  өсіп  келеді.  IMG_5040 2017  жылғы футболдан Қазақстан Республикасы   Біріншілігінің   жеңімпаздары «Қыран»  командасының  жасөспірімдер  командасы еліміздің  кәсіби  футбол  лигасы  төрағасы  Азамат  Айтқожин жолдаған   дипломдар  мен  арнайы Кубогімен  марапатталды. Ал, жас  футболшылардың   жеңістері  мен ғаламат  жетістіктерін  жоғары  бағалаған «Қыран»  футбол  командасының  директоры  Владислав  Казанков  шәкірттерге  сәттілік  тіледі.                                                         IMG_5041«Қыран»  командасының баспасөз  қызметі